Қазақстанның Ұлттық музейі - Кеңес жайлы

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігінің

«Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі»

республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының

Ғылыми кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

1.     Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 «Мәдениет туралы» Заңы, сол сияқты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 06.02. №145  бұйрығымен бектілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) негізінде жасалды. 

1.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі -Музей) Ғылыми кеңесі Музейдің штаттан тыс алқалы ғылыми консультациялық кеңесші органы саналады және Музейдің ғылыми қызметіне жалпы басшылық жасауды жүргізетін Музей Жарғысының 3 бөлімі, 14 тармағы, 17 тармақшасына сай құрылады. 

1.3. Музейдің Ғылыми кеңесі өз қызметін Музей Жарғысын және осы Ережені негізге алып атқарады.

1.4. Музейдің Ғылыми кеңесі Музейдің ғылыми қызметін жоғары сатыға көтеруге, Қазақстан Республикасының және шетелдердің ғылыми, шығармашылық және педагогикалық қауымдастықтарымен ғылыми байланысты нығайтуға және кеңейтуге ықпалдастық жасауға бағытталған.

2.     Музейдің Ғылыми кеңесінің құзыреттері

2.1. Музейдің Ғылыми кеңесі келесі мәселелерді қарастырады:

ü Музейдің ғылыми қызметінің негізгі бағыттары мен мәселелері бойынша ұсыныстарды;

ü Музейдің ғылыми жұмысының болашақ және жылдық жоспарларының жобаларын;

ü Музейдің аяқталған ғылыми жұмыстары, сол сияқты зерттеулердің жекелеген кезеңдері кірген ғылыми қызметі туралы есептерді; 

ü Ғылыми тұжырымдамалардың, экспозициялардың тақырыптық-экспозициялық жоспарлардың жобаларын;

ü жарияланымдардың пайдалылығы туралы қорытынды жасалған ғылыми (еңбектер жинағы, конференция материалдары, монографиялар, мақалалар және т.б.), ғылыми-әдістемелік, анықтамалық және ғылыми-көпшілік сипаттағы баспаға дайындалған жұмыстардың қолжазбаларын.  

2.2. Ғылыми кеңестің Жұмыс жоспарын және тиісінше оның жұмысы туралы бір жылғы есеп Музей жұмысы туралы жоспар мен есептің құрамдас бөлігі саналады («Ғылыми-зерттеу қызметі», «Ғылыми-ұйымдастырушылық қызмет», «Ғылыми-экспозициялық және көрме жұмысы», «Ғылыми-көрме жұмысы», «Халықаралық ынтымақтастық» бөлімдері бойынша).  

3. Музейдің Ғылыми кеңесінің құрамы және оны жасақтау тәртібі

3.1. Музейдің Ғылыми кеңесінің құрамына лауазымы бойынша: оның Төрағасы болып саналатын директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ғылым докторы, кандидаты, PhD доктор ғылыми дәрежесі бар ғалым хатшы кіреді. 

3.2. Ғылыми  кеңестің құрамына Музей құрылымдарының ғылым докторы, кандидаты, PhD доктор ғылыми дәрежесі бар қызметкерлері музей басшылығының келісімімен кіргізіледі. Ғылыми кеңес мүшелерінің сандық құрамын оның Төрағасы белгілейді.

3.3. Ғылыми кеңестің дербес құрамын және ондағы өзгерістерді Ғылыми кеңес Төрағасы бекітеді.

3.4. Ғылыми кеңестің мүшесі Музейден кеткен жағдайда, ол Ғылыми кеңестің құрамынан бірден шығарылады. Ғылыми кеңестің құрамына жаңа мүшені кіргізуді оның Төрағасы қарастырады.

3.5. Ғылыми  кеңестің құрамына басқа ұйымдардың ғылыми дәрежесі бар ғалымдары кеңес төрағасының келісімімен кіргізіледі.

4. Музей Ғылыми кеңесінің құрылымы

4.1. Музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары – Ғылыми кеңестің Төрағасы, Музейдің ғалым хатшысы – Ғылыми кеңес хатшысы саналады. 

4.2. Ғылыми кеңес хатшысы Музейдің Ғылыми кеңесінің өкілдіктеріне сәйкес, Музейдің Ғылыми кеңесінің дербес құрамын қалыптастыруға және Музейдің құрылымдық бөлімшелерімен отырыстарын ұйымдастыруға байланысты жұмыс хаттарын жүргізуге құқылы.  

4.3. Музейдің Ғылыми кеңесі Музейдің ғылыми қызметінің жекелеген мәселелері бойынша міндеттері мен құрамы белгіленген тұрақты және уақытша комиссия құра алады.   

5. Музейдің Ғылыми кеңесі жұмысын ұйымдастыру тәртібі

5.1.Музейдің Ғылыми кеңесі жұмысын ұйымдастыру, оның отырыстарын өткізу және шешім қабылдау тәртібін Ғылыми кеңес жұмысының регламенті белгілейді.

5.2.Ғылыми кеңестің отырысы реглементпен белгіленеді және қажеттілігіне қарай, Ғылыми кеңес мүшелерінің экспедициялық дала жұмыстарына шығып кететін жаз маусымынан басқа уақытта қажеттілігіне қарай өткізіледі.

5.3. Музей Ғылыми кеңесінің жұмыс жоспары жасау Ғылыми кеңес мүшелері және оның комиссияларының, сол сияқты құрылымдық бөлімдер ұсыныстарының негізінде жасалады. Ұсыныстар  жинақталып, күн тәртібіне енгізіліп Ғылыми кеңесте қарау үшін Музейдің ғылыми хатшысына тапсырылады.

5.4. Ғылыми кеңес хатшысы Ғылыми Кеңес мүшелерін кезекті отырыс өтерден кем дегенде бір апта бұрын шақырады, жоспарланған баяндамалар мен хабарламалардың және шешімдер жобаларының дер кезінде дайындалуын бақылауда ұстайды, олармен Ғылыми Кеңес мүшелерінің алдын-ала танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, отырыс хаттамасын жүргізеді, Ғылыми кеңес шешімдерін жауапты орындаушыларға жеткізеді, олардың орындалуын бақылайды. Музей ұжымын Ғылыми кеңес жұмысымен таныстырады.

5.5. Ғылыми кеңес мүшесі дәлелді себептермен отырысқа қатыса алмайтыны туралы Төрағаға алдын ала хабарлауы тиіс.

5.6. Ғылыми кеңестің шешімдері күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша жеке-жеке қабылданады. Баяндамашы қарауға ұсынылған мәселе бойынша шешімнің жобасын дайындап, Ғылыми кеңестің қарауына кіргізеді. Баяндама мәтіндері мен шешімдердің жобалары  редакциялық рәсімдеу үшін Ғылыми кеңес хатшысына бір данадан беріледі.

5.7. Ғылыми кеңес отырыстарының хаттамалары, оның шешімдерінің көшірмелері мен хаттамалардың үзінді көшірмелерін Ғылыми кеңес хатшысы рәсімдеп  қол қояды және Ғылыми кеңес Төрағасына қол қоюға ұсынады.

5.8. Ғылыми кеңес шешімдері Ғылыми кеңестің тізімі құрамының кем дегенде 50 % отырысқа қатысып отырған Ғылыми кеңес мүшелері дауысының жалпы санының жай ғана көпшілігімен (50 % қосу 1 дауыс) қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда, Ғылыми кеңес Төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.

5.9. Ғылыми кеңес құзырына жатқызылған және Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамалары мен Музей Жарғысы бірыңғайламаған мәселелер бойынша шешім қабылдау үрдісін Ғылыми кеңес өзі белгілейді. Шешім ашық дауыс беру арқылы қабылдана алады.

5.10. Ғылыми кеңес мүшесінің отырыста көпшілік алдында ашық айтылмай, артынан хабарланған ерекше пікірі хаттамаға кіргізілмейді және шешімдер қабылдау барысында ескерілмейді. 

5.11. Музейдің Ғылыми кеңесінің шешімдері хаттамамен рәсімделеді және ғылыми кеңес Төрағасы қол қойған күннен немесе Ғылыми кеңес шешімінде көрсетілген басқа күннен бастап күшіне енеді.

5.12. Ғылыми кеңестің өзінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерін Музейдің барлық жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті саналады.

5.13. Ғылыми кеңестің құжаттары Музейдің ғылыми хатшысында 3 жыл бойы сақталады. Осы кезең өткеннен кейін Ғылыми кеңестің жұмыс құжаттары Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне (Музей мұрағатына) өткізілінуі қажет.