Logo

Ticketon

Search icon 1 YouTube 1 FB Icon Insta Icon

Ваканция туралы ақпарат
• Еңбек ақысы: 55 568 -80 000 теңге

Толық жұмыс күні, тұрақты жұмыс
• Лауазымдық міндеттері
1. Тақырыптық-экспозициялық жұмыстарды көркем безендіру бойынша міндеттерді атқару;
2. Экспозицияның сәулеттік-көркем және тақырыптық құрылымын жасау;
3. Экспозицияның тақырыптық-көркем жобасын дайындау және орындау
4. Көрменің құру және жинау жұмыстарын жүргізу;
5. Көркем-орындаушылық жұмыстарды орындау;
6. Буклет, шақыру билеті, афиша, баннер эскиздерін дайындау;
7. Этикетаж дайындау және оларды орнату;
8. Этикетаждардың сақталуы, дер кезінде ауыстырылуын бақылап отыру;
9. Өз міндеті үшін заң актілері мен еңбек шарттарына сай жауап беру.
10. Өндіріс ерекшелігі мен еңбек қызметінің сипатына сай жұмыс киімін таңдауда нұсқаулар жасау;
11. Өндірістік, қызметтік және мәдени-тұрмыстық бөлмелерді жиһазбен, құрал-сайманмен, кеңсе техникасымен және керек-жарақпен, сол сияқты көрнекі насихат құралдарымен жабдықтау кезінде әдістемелік көмек көрсету. Іргелес жатқан аумақты көріктендіру және көгалдандыру, ғимараттың, ұйымға қатысты басқа да құрылыстың алдын, кіріс-шығысын сәулеттік-көркем безендіру жобаларын жасау;
12. Безендіру жұмыстарының (жарнама, көрме, панно, плакат және т.б.) дұрыс жүзеге асырылуын қадағалау;
13. Бекітілген ұйымдық құрылымға сәйкес өзінің жұмыс орнында болмайтыны туралы жетекшіге хабарлауға және кадрлық қамтамасыз ету бөліміндегі есеп журналына жазылуға міндетті.

• Қосымша шарттар
o әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың қол жетімділігі
o мансаптық өсу
o әлеуметтік пакет
• Мамандығы бойынша еңбек өтілі – 2 жыл
• Арнайы ептілік пен машықтар
o ақпараттық технологиялар – қолжетімді веб-дизайн; мультимедиялық бағдарламалау; мультимедиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау; мультимедиялық жобаларды басқару.
• Білім деңгейі -жоғары
• Негізгі және икемді дағдылар
o әлеуметтік және коммуникативтік дағдылар мен уәкілеттер – уәждеме қабілеттілігі;
o көркемөнер дағдылары мен уәкілеттері – сурет салу дарыны.

Ваканция туралы ақпарат
• Аймақ: Нұр-Сұлтан қ. / Алматы ауданы
• Жұмыс орны: Тәуелсіздік даңғ., 54
• Еңбек ақысы: 60 000 теңгеден бастап

Лауазымдық міндеттері
1. Ақпаратты өңдеудің барлық кезеңдері бойынша міндеттерді шешудің технологиясын, кезеңдерін, жүйелілігін жасау;
2. Компьютерде өңделуі тиіс ақпаратты, оның көлемін, құрылымын, ендіру макеті мен схемасын, ақпаратты өңдеу, сақтау және беруді белгілеу;
3. Бағдарламалардың қызметтік міндетіне сәйкестігін толығырақ тексеруді қамтамасыз ететін мәтін мысалдары мәліметтерінің көлемі мен мазмұнын белгілеу;
4. Бағдарламаларды орнату және оларды ретке келтіруді дайындау бойынша жұмыстарды орындау, бағдарламаларды бейімдеуді жүзеге асыру;
5. Бағдарламалармен жұмыс бойынша нұсқаулықтар жасау, қажетті техникалық құжаттарды рәсімдеу;
6. Дайын бағдарламалық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін белгілеу;
7. Енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарға қызмет көрсету;
8. Жасалған бағдарламаларды ретке келтіру, оларды жетілдіру барысында түзеу;
9. Жұмыста жаңа мультимедиялық технологияларды меңгеріп қолдану;
10. Тартысты жағдайдың таралу, басталу және туындау мәселелері туралы бөлім жетекшісіне дер кезінде хабарлау;
11. Бекітілген ұйымдық құрылымға сәйкес өзінің жұмыс орнында болмайтыны туралы жетекшіге хабарлауға және кадрлық қамтамасыз ету бөліміндегі есеп журналына жазылуға міндетті.

Ваканция туралы ақпарат
• Аймақ: Нұр-Сұлтан қ. / Алматы ауданы
• Жұмыс орны: Тәуелсіздік даңғ., 54
• Еңбек ақысы: 60 000 теңгеден бастап

Лауазымдық міндеттері
1. Өз қызметін музейде экскурсия және ғылыми-ағартушылық шараларын ұйымдастыру және жүргізу бойынша жүзеге асыру;
2. Экскурсияны жоғары ғылыми және танымдық деңгейде жүргізу, келушілерге жоғары деңгейде мәдени қызмет көрсету;
3. Экспозициялар, көрмелер бойынша бекітілген ережелерге сай лекциялар жүргізу;
4. Экскурсияның және лекцияның жаңа тақырыптарын жасау;
5. Сектор жетекшісінің нұсқауымен жаңа материалдарға сәйкес экскурсиялар мен лекцияларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
6. Экскурсия және лекция жүргізу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыс жасау;
7. Экскурсия және лекция тыңдаудың әдістемелік құжаттарын дайындауға қатысу;
8. Ең жаңа зерттеулер негізінде ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу;
9. Экскурсия және лекция тақырыптарын жасау, отандық және шетелдік музей тәжірбиелерін оқып білу, тіл мәдениетін дамыту, тіл бойынша білімін жетілдіру;
10. Басқа музейлердің экскурсия жұмысы бойынша мамандарымен байланыс орнату;
11. Өз міндеті үшін заң актілері мен еңбек шарттарына сай жауап беру.

Үміткерге талаптар:
• Мамандық бойынша өтіл: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
• Арнайы ептілік пен машықтар
o гуманитарлық ғылымдар – ежелгі тарих; мәдениет тарихы, ғылым тарихы, қазіргі заман тарихы, жаңа тарих;
• Білім деңгейі: жоғары
• Тілдерді меңгеруі
o қазақ- жоғары деңгейде
o орыс- жоғары деңгейде
o ағылшын – ілгері деңгейде
• Негізгі және икемді дағдылар
o жеке қасиеттері – талдамдық ой, тапқырлық, техникалық жалпы дағдылар; есте сақтау; жұмыс ортасын түсіну; сөйлесе білу.

Ваканция туралы ақпарат
• Аймақ: Нұр-Сұлтан қ. / Алматы ауданы
• Жұмыс орны: Нұр-Сұлтан
• Еңбек ақысы: 60 000 теңгеден бастап

Лауазымдық міндеттері
Электртехникалық желілерге жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Бұзылған, зақымданған және апатқа ұшыраған электржабдықтарының ақауларын жою;
Өзіне бекітілген орындағы жабдықтар мен бөлмелерді аралау, тексеру, қажеттілік туындағанда тоқ қабылдағышты өшіру;
Кез-келген жұмыс түрі басталар алдында жұмыс орнындағы электр қондырғыларында кернеудің жоқтығын тексеру;
Техникалық қауіпсіздік және ТЭЕ бойынша ережелер мен нұсқауларды сақтау;
Материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды және өзге де ресурстарды бөлімше жұмысшыларының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек заңы және еңбек шарты белгілеген шекте материалды жауапкершілік көтеру;
Бекітілген ұйымдық құрылымға сәйкес өзінің жұмыс орнында болмайтыны туралы жетекшіге хабарлауға және кадрлық қамтамасыз ету бөліміндегі есеп журналына жазылуға міндетті.

Үміткерге талаптар:
• Мамандағы бойынша жұмыс өтілі – 3 жыл
• Арнайы ептілік пен машықтар
o электротехниктің – электр машиналары мен аспаптарын пайдалануға қосу; электрмеханикалық машиналар мен аспаптарды жинау және құру;
• Білім деңгейі: жоғары
• Негізгі және икемді дағдылар
o Личностные характеристики –
o Жеке қасиеттері – талдамдық ой, математикалық дағдылар; тапқырлық, техникалық жалпы дағдылар; техниканы түсіну.