Logo

Ticketon

Search icon 1 YouTube 1 FB Icon Insta Icon

1

1. Тарихи және мәдени ескерткіштерді насихаттау және музей- музейге келуші жүйесінде тұлғаның шығармашылық дамуына жағдай жасау;
2. Мәдени-ағартушылық іс-шараларды (экскурсиялар, тарихи тұлғалармен, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен кездесу, дәрістер және т.б.) ұйымдастыру және өткізу;
3. Әртүрлі санаттағы келушілерге арналған мәдени-ойын-сауық бағдарламалары негіз болып табылатын үздіксіз музейлік білім беру жүйесін құру (тарих сабақтары, үйірмелер);
4. Балалардың, жасөсіпірімдер мен жастардың шығармашылық дамуына бағытталған мәдени-ойын-сауық, ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру;
5. Экскурсиялық жұмыс бойынша экскурсиялық бағдарламаларды ұйымдастыру, әдістемелік құжатнамаларды дайындау және баспаға шығару.

Музейдегі экскурсия жергілікті тұрғындардың арасындағы мәдени-ағартушылық жұмыстың негізгі түрі болып табылады. Экскурсиялық қызмет көрсету музей экспозицияларындағы ақпаратты қабылдауға және меңгеруге жақсы жағдай туғызады.

Әр экскурсия жүргізуші маманның міндеті: музей экспозициясын пайдалана отырып, әңгіме мазмұнымен, сөйлеу шеберлігімен келушілерді қызықтыру. Бір сөзбен айтқанда, экскурсия жүргізуші ынталы болуы шарт!
Кез-келген музейдің ғылыми-ағартушылық жұмыстарының негізгі түрлерінің бірі – экскурсия.
Тақырыптың ауықымдылығына, оны ашу тереңдігіне байланысты экскурсиялар шолу және тақырыптық болып бөлінеді.
Экскурсияның ең кең таралған түрі – шолу экскурсиясы.
Шолу экскурсиясының мақсаты – келушіге музей және ондағы коллекциялар мен экспозиция туралы жалпы ақпарат беру.
Тақырыптық экскурсия – бұл белгілі бір тақырыпқа байланысты экскурсия түрі. Тақырыптың толық және терең ашылуы үшін экспозияцияда көрсетілген материалдарды жан-жақты қолдануды мақсат етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі келушілерді аптаның дүйсенбісінен басқа күндері сағат 10.00 сағ. 18.00 сағ. дейін үзіліссіз қабылдайды. Айдың соңғы сейсенбісі – тазалық күні.
Экспозицияларға 17.15 сағ. дейін кіруге болады. Шолу және тақырыптық экскурсиялар алдын ала өтінім бойынша жүргізіледі.
Экскурсия уақыты 45 минутқа созылады.
Экскурсиялар қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдерінде жүргізіледі.
Жүргізілетін экскурсияларға өтінімдер мына телефон нөмірлері арқылы қабылданады: 91-90-35, 91-90-36.

2

3

4

5

6