Logo

Ticketon

Search icon 1 YouTube 1 FB Icon Insta Icon

Арыстанбек Мұхамедиұлы (1963 жылы 11 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданы) – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, өнертану докторы, профессор, БМКИ құрметті докторы, Алматы облысы, Талғар ауданының Құрметті азаматы. Бірнеше мәрте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. Мәдениет саласында «World master» жоғары атағына ие.

1981 жылы  А. Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектебін бітірді.   Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінің артісі болып бастаған.

1986 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын виолончель сыныбы бойынша бітірген. 

1991-1993 жылдары аралығында Мәдениет министрлігінде маман болды. 

1993 жылы ҚР Мәдениет министрінің көмекшісі болып тағайындалды. Әр жылдары ҚР Президентінің оркестрінде қызмет атқарды. Сонымен қатар «Қазақ әуендері» АҚ-на басшылық етті.

1997 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының Президенттік оркестрінің бастығы болып қызмет атқарды.

2003 жылы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» РМҚК бас директоры, 2005 жылы – «Қазақ әуендері» АҚ президенті.

2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ ол ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болған.

2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі.

2008 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  ректоры қызметін атқарған.

Арыстанбек Мұхамедиұлының үлкен ұйымдастырушылық жұмысымен қатар шығармашылықта да біршама жетістіктері бар. Ол үрмелі оркестрге арналған  «Бақыт құсы», «Жастар вальсі» композицияларының, «Астана», «Асыл сезім», «Достарым» және т.б. әндерінің, сондай-ақ мәдениет пен өнер мәселелеріне арналған жарияланымдардың авторы.

2014 жылғы 13 наурыздан - ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды.

   2014 жылғы 6 тамыздан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі.

   2019 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды.