Logo

Ticketon

Search icon 1 YouTube 1 FB Icon Insta Icon

1

Ғылыми-әдістемелік жұмыстар қызметі екі бөлімнен және үш сектордан тұрады: «Археология және этнография» бөлімі, «Қазақстан тарихы» бөлімі, «Жазба ескерткіштерін зерттеу» секторы, «Әдістеме және музейтану» секторы және «Ғылыми кітапхана» секторы.
Қызметте 24 ғылыми қызметкер, оның ішінде 3 Phd докторант қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, т.ғ.д. Ж.Қ. Таймағамбетов Ғылыми-әдістемелік жұмыстар қызметінің ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ең үлкен мақтанышы.

2

Қызметтің негізгі мақсаты: ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, сондай-ақ көрме экспозициясын жасауға кеңестік көмек көрсету, Қазақстанның тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеу.
Ғылыми қызметкерлер жеке тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, ғылыми мерзімді басылымдарда мақалалар жариялайды, конференцияларға, тағылымдамалар мен археологиялық экспедицияларға қатысады, БАҚ-да сөз сөйлейді және еліміздің тарихы мен мәдениетінің насихатталуына өз үлестерін қосады.