Logo

Ticketon

Search icon 1 YouTube 1 FB Icon Insta Icon

1

БІЗ ЖАЙЛЫ

Қарқынды даму үрдісі орын алған заманда Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толық хұқылы субъектісі ретінде қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтау және зерттеу, сондай-ақ құндылықтарымызға қатысты ғылыми білімді қазіргі қоғамның сұранысына сай насихаттау қажеттілігі туындап отыр.
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен зерттеу міндеттерін іске асырудың маңызды құралдарының бірі мемлекеттік коммерциялық емес ғылыми-зерттеу мекемесін құру болып табылады.
«Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының Тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсанындағы «Мәдениет жайлы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпанындағы «Ғылым жайлы» Заңына, ЮНЕСКО (1972 ж. Мәдени және табиғи мұраны сақтау (қорғау) Конвенциясы, 2003 ж. Материалды емес мәдени мұраны сақтау (қорғау) халықаралық Конвенциясы) және Халықаралық музейлер кеңесінің (ИКОМ) мәдени алуантүрлілік және мәдени мұраны сақтау құжаттары негізінде жасалған.

Институттың мақсаты:
Қазақтың мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, жаңғырту және насихаттау.

Институттың міндеттері:
– қазақ халқының заттай және бейзаттық мұралары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің ғылыми бағдарламалары мен жобаларын жасау мен жүргізу;
– қазақ халқының этногенез, расогенез және этникалық тарихының мәселелерін талдау;
– Қазақстан территориясында кешенді археологиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
– қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін тарихи тұрғыда және оның қазіргі таңдағы көрінісін зерттеу;
– қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін зерттеу бойынша этнографиялық экспедиция ұйымдастыру және жүргізу;
– ономастикалық (топонимика, гидронимика, оронимдер және т.б.) зерттеулер жүргізу;
– Қазақстанның өлкелерінің топонимикасын зерттеу мақсатында экспедиция ұйымдастыру және жүргізу;
– музыкалық мұраны, эпикалық фольклор мұраны, сәндік-қолданбалы және зергерлік өнерді, қолөнер өндірісін зерттеу іс-шараларын жүзеге асыру;
– Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштері мәліметтерінің электронды базасын жасау;
– Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілеріне сараптама және мониторинг жасау;
– құрылыс салынатын жер телімдерінде тарихи-мәдени (археологиялық) сараптама жасау, мәдени құндылықтарды бағалау;
– Қазақстанның антропологиялық жиынтықтарын сақтайтын арнайы бөлім құру;
– Қазақстан жерінде жасалған археологиялық зерттеу жұмыстарының ғылыми есептерінің Қорын жасақтау;
– Институт қызметіне жаңа технологияларды ендіру;
– түрлі бейіндік ұйымдармен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен мәдени мұраны сақтау мен зерттеу саласында әріптестік қатынастар орнату;
– ғылыми еңбектерді, сериялық басылымдарды және т.б. даярлау және баспадан шығару;
– әлеуметтік-мәдени іс-шараларды, соның ішінде ғылыми конференцияларды, симпозиумдерді, дөңгелек үстелдерді, семинарлар мен жиналыстарды өткізу;
– Қазақстанның мәдени мұралары бойынша мультимедиялық туындыларды жасауға қатынасу.

Қойылған міндеттерге сай Институт қызметтің келесі түрін жүзеге асырады:
 ұлттық мәдени мұра саласында іргелі, әдістемелік және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
 ұлттық мәдени мұрасы саласында ғылыми зерттеулерді үйлестіруші және ұйымдастырушы ретінде қызмет ету;
 ұлттық мәдени мұра жайын көрсететін ақпараттық қор жасақтау;
 тарихи-мәдени ортаны сақтау, сауықтыру және дамыту мақсатында оңтайлы іс-шаралар қолдану;
 тарихи-мәдени мұраның жылжымалы, жылжымайтын және өзге де объектілерінің, сонымен қатар оларды пайдалану бойынша бағдарламалар мен жобаларға кешенді және арнайы сараптама жұмыстарын ұйымдастыру;
 тарихи-мәдени қорық, кіші қорық (қорықша), музей құруға бағытталған жоба жұмыстарына сараптама жасау;
 баспа қызметін, картографиялық және басылым өнімдерін әзірлеу және басып шығару;
 ғылыми, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, жиналыс, семинарлар, көрмелер (соның ішінде халықаралық) ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер:
- тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерттеу бойынша тұрақты жүйе қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының ұлттық құндылықтарын зерттеу, сақтау саласында біртұқтас үйлестіруші жүйе құру;
- басымдық танытатын ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру және ҚР халқының құндылығын зерттеу, сақтау саласында бәсекеге қабілетті нәтижелер алу;
- Қазақстан Республикасының ұлттық құндылықтарын зерттеу, сақтау саласында теориялық білімді дамыту;
- қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің кейбір компоненттерін қайта жаңғырту;
- «Қазына» атты сериялық басылымда монографияларды, жүйелі ғылыми еңбектерді әзірлеу және басып шығару;
- каталог, альбом әзірлеу және басып шығару;
- ҚР Ұлттық музейінің ғылыми-зерттеу қорын нығайту;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қоры мен экспозициясын толықтыру.

«Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының құрылымы
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының штат кестесіндегі қызметкерлер саны – 23 бірлік, оның ішінде ҚР ҰҒА академигі, 3 тарих ғылымдарының кандидаты, 1 PhD бар.
2014 жылы құрылған Институт келесі құрылымнан тұрады:
• археологиялық мұра бөлімі;
• материалдық емес мәдениет бөлімі;
• тарихи-мәдени мұра нысандарына мониторинг және сараптама жасау бөлімі;
• физикалық антропология зертханасы;
• археологиялық материалдарды алғашқы өңдеу зертханасы.

2

ЖОБАЛАР

Институт қызметкерлері 2014–2019 жылдар аралығында жалпы 21 ғылыми, ғылыми-қолданбалы жобалардың жетекшілері, қосалқы жетекшілері және орындаушылары болып табылды.
Олар:
1. «Қазақ-корея бірлескен ғылыми зерттеулері» атты халықаралық жоба (Корей Республикасының Мәдени мұраны зерттеудің ұлттық институтымен бірге). Жобаның қазақ тарапынан жетекшісі – А. Оңғарұлы (2015 жылдан бүгінге дейін);
2. «Батыс Сібір қазақтары» атты халықаралық жоба (РҒА СБ Археология және этнография институтының Омбы филиалымен бірге) Жобаның қазақ тарапынан жетекшісі – А. Мусагажинова (2014–2016);
3. «Солтүстік және шығыс Қазақстан территориясындағы тас ғасыры ескерткіштерін зерттеу бойынша біріккен халықаралық Қазақ-Ресей археологиялық экспедициясы» атты халықаралық жоба (РҒА СБ Археология және этнография институтымен бірге). Жобаның қазақ тарапынан жетекшісі – Ж.Қ. Таймағамбетов, орындаушы – Т. Мамиров (2015–2016);
4. «PALEOSILKROAD» атты атты халықаралық жоба (ГФР Тюбинген университетімен бірге). Жобаның қазақ тарапынан жетекшісі – Ж.Қ. Таймағамбетов, орындаушы – Т. Мамиров (2016);
5. «Қазақ даласының сақ-савроматтық мәдени көкжиегі: тарихи диахрониядағы өзара мәдени байланыстар мәселелерін зерттеу» ҚР БҒМ ҒК-нің гранттық жобасы (Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтымен бірге). Жоба жетекшісі – А. Оңғарұлы (2015–2017);
6. «Храмдық кешендер мәліметтері негізінде Үстірт пен Арал бойы сақ-массагеттерінің дүниетанымы мен діни түсініктерін зерттеу» ҚР БҒМ ҒК-нің гранттық жобасы (Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтымен бірге). Жоба жетекшісі – А. Оңғарұлы (2015–2017);
7. «Арал-Каспий өңірінің ежелгі тұрғындары: көші-қон мен мәдениеттер эволюциясы (тас және палеометалл дәуірлері)» ҚР БҒМ ҒК-нің гранттық жобасы (Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтымен бірге). Жоба жетекшісі – Т. Мамиров (2015–2017);
8. «Оңтүстік-батыс Балқаш маңы палеолиті (ежелгі тас дәуірі)» ҚР БҒМ ҒК-нің гранттық жобасы (Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтымен бірге). Жобаның қосалқы жетекшісі – Т. Мамиров (2015–2017);
9. «Торғай даласындағы ерте темір дәуірінің обалары» атты демеушілік жоба. Жоба жетекшісі – А. Оңғарұлы (2016–2017);
10. «Проведение и экспедирование культурного наследия Казахстана и подготовка отчета по реализации Конвенции ЮНЕСКО «Об охране нематериального культурного наследия» атты ҚР МСМ жобасы (2017);
11. «Сарыарқаның тарихи-мәдени мұрасының мәліметтер базасын жасау және геоақпараттық картографиялау». Жоба жетекшісі – А. Оңғарұлы (2015 жылдан бүгінге дейін);
12. «Қазақ Алтайындағы сақтар мен сяньбийліктердің ескерткіштері» атты жоба («Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейімен бірге). Жоба жетекшісі – З. Самашев, басты орындаушы – А. Оңғарұлы (2018);
13. «Әулиеатаның тарихи-мәдени мұрасының мәліметтер базасын құру және геоақпараттық картографиялау» атты жоба (2018);
14. «Национальная казахская кухня, как неотъемлемая часть туристского бренда страны» атты жоба («Қазақ Тағамтану Академиясы», «Kazakh Tourizm» ҰК АҚ, «Qazaqgeography» РҚБ-пен бірге). Жобаның жетекшісі – А. Мусагажинова (2018–2019);
15. «Городская культура Приаралья в зоне контактов земледельцев и скотоводов (I тысячелетия н.э.)» атты ҚР БҒМ ҒК-нің гранттық жобасы (Қорқыт-ата ат. ҚМУ-мен бірге). Жобаның тең орындаушысы – Р. Дарменов (2018–2020);
16. «Этнокультурные связи тюрков-огузов с оседло-земледельческими племенами Приаралья в процессе становления городской культуры в низовьях Сырдарьи (I тысячелетия н.э.)» атты ҚР БҒМ ҒК-нің гранттық жобасы (Қорқыт-ата ат. ҚМУ-мен бірге). Жобаның тең орындаушысы – Р. Дарменов (2018–2020);
17. «Сортөбе қалашығындағы археологиялық жұмыстар» атты жоба (Қорқыт-ата ат. ҚМУ-мен бірге). Жобаның тең орындаушысы – Р. Дарменов (2018–2020);
18. «Сарыарқаның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және дәріптеу» атты ҚР БҒМ-нің бағдарламалы-нысаналы ғылыми жобасы. Жоба жетекшісі – А. Оңғарұлы (2018–2020);
19. «Қола дәуірінен ерте ортағасырға дейінгі Алтай-Тарбағатай» атты жоба («Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейімен бірге). Жоба жетекшісі – З. Самашев, орындаушы – А. Оңғарұлы (2019);
20. «Туристерді тарту мақсатында Маңғыстау облысының ескерткіштері бойынша 3Д үлгідегі виртуалды турлар жасақтау» жобасы (2019);
21. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты халықаралық көрме жобасы (2018–2020).

3

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРА

Археологиялық мұра бөлімі бірінші кезекте Қазақстан территориясы мен одан тыс аймақтарда археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады.
Институт қызметкерлері 2015 жылдан бастап Қазақстанда тас дәуірінен бастап ортағасырларға дейінгі кезеңді қамтыған 42 археологиялық экспедициялар ұйымдастырып өткізді.
Олар:
1. Қазақ-корей бірлескен экспедициясы. Сақтық Қатартөбе қорымы. Алматы облысының Райымбек, Кеген аудандары (2015–2019);
2. Қазақ-ресей бірлескен экспедициясы. Тас дәуірінің ескерткіштері. Шығыс Қазақстан облысы (2015–2016);
3. Төртоба отряды. Савроматтық Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешені. Ақтөбе облысының Қобда ауданы (2015–2017);
4. Қарқара отряды. Ертесақтық Қарқара жерлеу-ғұрыптық кешені. Алматы облысының Райымбек ауданы (2015–2017);
5. Маңғыстау отряды. Сарматтардың Айғырлы 2 және Қатем ғибадатханалары. Маңғыстау облысының Түпқараған және Мұнайлы аудандары (2015–2017);
6. Торғай отряды. Ертесақтық Саба жерлеу-ғұрыптық кешені. Қостанай облысының Арқалық қаласының аумағы (2017–2019);
7. Тарбағатай отряды. Ертесақтық Елеке сазы қорымы. ШҚО, Тарбағатай ауданы (2018–2019);
8. Қызылорда отряды. Жетісасар мәдениетіне тән Шіркейлі Қосасар, ортағасырлық Жанкент және Қышқала қала жұрты. Қызылорда облысы (2017–2019) және т.б.

Жүргізілген қазба жұмыстардың нәтижесінде Қазақ даласының ежелгі және ортағасырлық тарихына қатысты тың мәліметтер алынды.
Бес жылдық қазба жұмыстары барысында Институттың лабораториясына Ұлттық музейдің Қорын толықтырар он мыңға жуық жәдігерлер әкелінді. Сонымен қатар Институт қоры палеоантропологиялық, палеозоологиялық және т.б. жаңа материалдармен толықты.

4

МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРА

Бөлім қазақ халқының материальдық емес мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттаумен айналысады.
Дәстүрлі халықтық мәдениетті сақтаудың маңызды жолы этнографиялық экспедицияларды ұйымдастыру мен өткізу болып саналады. Соның арқасында заттай және рухани мәдениет ескерткіштері табылады, зерттелінеді және сақталынады.
Бес жылда Қазақстанның әр өңірі бойынша жалпы 11 этнографиялық және музыкалы-фольклорлық экспедициялар ұйымдастырылып өткізілді. Қазақ халқының материалдық емес мәдени мұрасын сақтау мен насихаттау мақсатында www.ich.kz веб-сайты жасақталды.
«Сарыарқаның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау» атты жоба аясында 2018–2019 жылдары Сарыарқа мен Батыс Сібір қазақтарының материалдық емес мәдени мұрасын далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Мағлұматтарды жинақтау сұхбаттасу мен фотоға түсіру әдісі арқылы жүргізілді. Арнайы дайындалған сұрақнама бойынша 300 информатордан сұхбат алынды, 250 анкета толтырылды, аталған өлкелердегі қазақтардың 150 тағамының рецептісі мен дайындалу технологиясы тіркелінді.
РҒА СБ Археология және этнография институтының Омбы филиалы арасындағы меморандум негізінде 2017–2018 жылдары шекаралас аймақтардағы қазақтардың этнографиясын зерттеу мақсатында біріккен экспедициялар ұйымдастырылып өткізілді. Нәтижесінде Батыс Сібір мен Алтай өлкесі қазақтарының ұмыт бола бастаған 25 асы тіркелді. Бала туудан адам өлгенге дейінгі әдет-ғұрыптар жайлы 45 информатордан ақпарат алынды.
«Қазақтың ұлттық тағамы елдің туристік брендінің ажырамас бөлігі» атты жоба ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруға бағытталған. Соңғы екі жылда 200 астың рецептурасы қалпына келтірілді, Қазақ тағамтану академиясымен бірлесе отырып тағамдардың биологиялық бағамдылығы анықталды, жаңа өнімдер (бие және ешкі сүттерінен десерт) шығарылды. Зерттеулердің нәтижесінде «Қазақы ас: дәстүр мен дәм» атты кітап басылып шықты.
Бөлімнің басым бағыттарының біріне қазақтың музыкалық мұрасын зерттеу жатады. Аталған бағыт бойынша 2017–2019 жылдары аралығында Алматы, Оңтүстік Қазақстан (бүгінде Түркістан) және Қарағанды облыстарында далалық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде сирек орындалатын 431 музыкалық шығармалар (аудио/видео және фото форматта) жазылып алынды. Олар – 197 күй, 83 халық және авторлы ән, 9 жарапазан, 10 сыңсу, 70 бата, 20 жоқтау, 16 қараөлең, 8 жұмбақ, 8 жаңылтпаш, 2 кисса, 5 бәдік өлең, 2 жар-жар, 1 көмей.
Қазақтың музыкалық мұрасы бойынша 3 кітапты баспаға дайындап, шығардық: М. Хұсайынұлы, Қ. Ахмерұлы «Алтай-Қобда қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері», «Шәкір Әбеновтің күй мұрасы» және Болат Сарыбаев «Қазақтың музыкалық аспаптары. Казахские музыкальные инструменты».
М. Хұсайынұлы мен Қ. Ахмерұлының кітабында Алтай-Қобда қазақтарының шертпе дәстүрінде орындалатын 321 күйлері жинақталды. Сонымен қатар осы бай мұраны бүгінге жеткізген мұрагерлер, күйшілер жайлы ақпараттар да берілді.
Болат Сарыбаевтың кітабы Ұлттық музей қорындағы музыкалық аспаптары коллекциясын қоса жариялануымен құнды.
2015–2019 жылдар аралығында қазақ тағамын насихаттау мақсатында 6 фестиваль мен 35 шеберлік сабақтары өткізілді.

5

ГАЖ ЖӘНЕ 3D МОДЕЛЬДЕУ

Институтта 2015 жылдан бастап Сарыарқаның тарихи-мәдени объектілерінің қорын жасақтау мен мәдени мұрасын электронды картографиялауда ГАЖ-ды қолдану жұмыстары жүргізілуде. 2015–2018 жылдар аралығында ескерткіштердің геоақпараттық мәліметтер базасы жасақталды және Ақмола облысының Еңбекшілдер (бүгінде Біржан сал), Жақсы, Сандықтау, Аршалы аудандары тарихи-мәдени мұра объектілерін геоақпараттық картографиялау жасалынды. «Қазақ-корей бірлескен зерттеулері» атты халықаралық жоба аясында 2018 жылы Алматы облысындағы Кеген өзені аңғарындағы археологиялық объектілерді ГАЖ картографиялау жүргізілді.
Карталар ArcGISDesktop бағдарламасында жасалынады. ГАЖ-дың негізгі ерекшелігіне координаттар жүйесін топологиямен комбинацияда жиі пайдалану жатады.
ГАЖ-картографиялау әдісі Ақмола облысы ескерткіштерінің жинағын құруда да пайдаланылады. 2018–2019 жылдары аралығында Ақмола облысының Ерейментау және Целиноград аудандарының ескерткіштер картасы жасалынды. Осы ГАЖ арқылы Ақмола облысының аумағындағы атбасар мәдениеті ескерткіштерінің де картасы дайындалды.
Бүгінгі таңда объектілердің үш өлшемді виртуальды моделін (3D модель) жасау мен қолдану тарихи-мәдени мұра объектілерін мемлекеттік қорғау, сақтау, пайдалану мен насихаттау саласындағы іс-әрекеттердің маңызды бөлігіне айналды.
2018–2019 жылдары аралығында біз тарапынан Жамбыл (34), Қарағанды (37) және Маңғыстау (18) облыстарындағы жалпыұлттық және өңірлік маңыздағы қасиетті нысандар сканерленіп, 3D модельдері жасалынды. Осы мерзімдерде фотограмметриялық 3D сканерлеу әдісі арқылы Сарыарқадағы бірегей объектілердің де 3D модельдері дайындалды (7). Бұл еңбектердің бәрін мына сілтемеден көре аласыздар: https://sketchfab.com/Archaeology.kz.
Институттың кезекті басым бағыттарының бірі – топонимикалық зерттеулер жүргізу болып табылады. Зерттеудің мақсаты Сарыарқаның тарихи жер-су атауларын жинақтап, ғылыми сараптамадан өткізе отырып, мәліметтер базасын жасау және ғылыми айналымға енгізу. Аталған бағыт бойынша Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында далалық зерттеу жұмыстары мен Омбы облыстық тарихи архиві мен Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік архивте ізденіс жұмыстары жүргізілді. Мұрағат құжаттарын талдау негізінде Ақмола облыстық ономастикалық комиссиясына 36 елді-мекеннің тарихи атауын қайтару туралы ұсыныс жолданды.

6

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Институттың ерекше зерттеу бағытына физикалық антропология жатады. Физикалық антропология зертханасын танымал антрополог, ҚР ҰҒА академигі О. Смағұлов басқарады.
Қазіргі қазақ популяциясын кешенді бағдарламалар арқылы соматология, одонтология, дерматоглифика, серология және краниология көрсеткіштері бойынша көпжылдық зерттеулерден алынған нәтижелері қазақ халқының өзіндік антропологиялық статусының болғандығын дәлелдеді. Осыған сәйкес қазақ халқының физикалық бет-бейнесінің қалыптасуы төрт мыңжылдық терең тарих қойнауынан бастау алады.
Сонымен қатар ҚР Ұлттық музейінде академиктің басқаруымен қазақ халқы мен оның ата-бабасының физикалық антропологиясы жайлы мәліметтер көрініс табатын жаңа экспозициялық зал жасақталуда. Экспозиция көне Қазақ жеріндегі 40 ғасырдан астам уақыт бойы қазақ халқы мен оның ата-тегінің қалыптасуы мен даму жолдарын көрсетуге бағытталған.
Лаборатория қызметкерлері О. Исмагулов пен А. Исмагулова көпжылдық зерттеу қорытындыларын «Происхождение казахского народа» атты еңбекте жария етсе, қазіргі күні қосалқы авторлықтағы «Қазақ халқы және ата тегі» мен «Айтеке-би (историко-антропологическое исследование)» атты еңбектерді жазу үстінде.

Бүгінде Институт қорында археологиялық далалық зерттеулер барысында Қазақстанның әр өңірінен табылған 9768 жәдігер уақытша сақталынуда. Оның 851 металл бұйымдар, 13 сүйек бұйымдар, 7 ағаш бұйымдар, 4258 тас бұйымдар, 42 бүтін қыш ыдыстар және қыш ыдыстардың 4597 сынықтары.
Археологиялық материалдарды алғашқы өңдеу лабораториясының маңызды бағыттарының біріне қыш ыдыстарды зерделеу мен талдау арқылы ежелгі қыш көзешілік өндірісінің техникасы мен технологиясын зерттеу жатады. Бұл бағытта 2018–2019 жылдары аралығында энеолиттен ерте темір дәуіріне дейінгі мерзімдік аралықты қамтитын қоныстар мен қорымдардан табылған 183 қыш ыдыстар зерттелініп, жасалу жолы жаңғыртылды. Аталмыш лабораторияның мамандары археологиялық металдарды алғашқы консервациялау жұмыстарын да атқарады. Қазіргі таңда 106 бұйым өңделді.

СЕРІКТЕСТЕР

1. Корея Республикасының Мәдени мұраларды зерттеу ұлттық институты
2. Мәдени құндылықтарды зерттеудің Нара ұлттық институты
3. Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институты
4. Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институтының Омбы филиалы
5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» РМҚК
6. «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС
7. Назарбаев Университеті
8. География институтының Астанадағы филиалы
9. Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану орталығы» КММ
10. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени мұран сақтау орталығы» КМҚК
11. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі
12. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
13. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
14. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
15. «Kazakh Tourizm» ҰҚ АҚ
16. «Qazaqgeography» РҚБ

БАСЫЛЫМДАР / ИЗДАНИЯ / PUBLICATIONS

Бес жылда 40 кітап жарық көрді: 18 монография, 2 ескерткіштер жинағы, 2 жылдық ғылыми басылым, 3 ғылыми мақалалар жинағы, 2 халықаралық бірлескен каталог, 11 уақытша көрме каталогтары, 1 альбом және 1 әдістемелік құрал.

За пять лет мы выпустили 40 книг. Из них 18 монографий, 2 свода памятников истории и культуры по районам Акмолинской области, 2 ежегодника, 3 сборника научных статей, 2 совместных каталога, 11 каталогов временных выставок, один альбом и одно методическое пособие.

For five years we have released 40 books. Of these, 18 monographs, 2 sets of historical and cultural monuments in the districts of Akmola region, 2 yearbooks, 3 collections of scientific articles, 2 joint catalogues, 11 catalogues of temporary exhibitions, one album and one methodological manual.

2014
1. Бейсенов А.З., Варфоломеев В.В., Касеналин А.Е. Памятники бегазы-дандыбаевской культуры Центрального Казахстана. – Алматы: «Хикари», 2014. – 191 с.
2. Артюхова О.А., Мамиров Т.Б. Каменный век Сарыарки. – Алматы: «Хикари», 2014. – 295 с.

2015
3. «Кенесары-хан және қолбасшы: мәселелер және ізденістер». – Астана, 2015. – 124 б.
4. Сарыбеков М., Елеуов М., Абдуалы А., Жолдасбаев С., Талеев Д., Серікбаев Е., Ақымбек Е., Есенов С. Ұлы көш жолымен. – Тараз: Тараз университеті, 2015. – 293 б.

2016
5. Ахметжан Қ. Қазақтың отты қаруларының тарихы. «Қазына». 1-шығарылым. – Астана: ҚР Ұлттық музейі, 2016. – 320 б.
6. Ұлттық музей топтамасындағы қазақтың зергерлік өнері. «Қазына». 2-шығарылым. – Ювелирное искусство казахов в коллекции Национального музея. «Казына». Выпуск 2. – Jewelry art of kazakhs in collection of the National museum. “Kazyna”. Volume II. – Астана: ҚР Ұлттық музейі, 2016. – 304 б.
7. Ғасырлар алтыны. Ұлттық музейдің алтын және күміс бұйымдарының топтамасы. «Қазына». 3-шығарылым. – Золото веков. Коллекция предметов из золота и серебра Национального музея. «Казына». Выпуск 3. – Gold of ages. Collections of Gold and Silver of the National museum of Kazakhstan. “Kazyna”. Volume III. – Астана: ҚР Ұлттық музейі, 2016. – 368 б.
8. Самашев З., Цэвээндорж Д., Онгар А., Чотбаев А. Древнетюркский культово-поминальный комплекс Шивээт улаан. – Алматы: Полиграфкомбинат, 2016. – 272 с.
9. Шәкір Әбеновтің күй мұрасы. – Астана, 2016. – 69 б.
10. Саки и савроматы Казахских степей: контакт культур. Сб. статей. – Алматы: Полиграфкомбинат, 2016. – 252 с.
11. Религия и система мировоззрений древних и средневековых номадов Евразии. Сб. статей. – Алматы, 2016. – 152 с.

2017
12. Смағұлов О. Происхождение казахского народа. – Алматы, 2017. – 196 с.
13. Оңғар А. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының жерлеу ғұрпы. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты, 2017. – 252 б.
14. Оңғар А., Ольховский В.С., Астафьев А., Дарменов Д. Древние святилища Устюрта и Восточного Приаралья. – Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2017. – 320 с.
15. Елеуов М., Талеев Д., Есенов С. Шу өңірінің ортағасырлық ұзын қорғанды қалалары. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 113 б.
16. Ұлы дала мұралары. 1-шығарылым. Жылдық ғылыми басылым. – Наследие Великой степи. Выпуск 2. Научный ежегодник. – Астана, 2017. – 252 б.
17. Қазақстанның тарихи-мәдени мұра нысандары: зерттеу, сақтау және пайдалану. Әдістемелік-көмекші құрал – Астана, 2017. – 144 б.

2018
18. Хұсайынұлы М., Ахмерұлы Қ. Алтай-Қобда қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері. «Қазына». 4-шығарылым. – Астана: ҚР Ұлттық музейі, 2018. – 720 б.
19. Қазақстан Республикасының Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Ақмола облысы. 1-шығарылым. Ерейментау ауданы. – Свод памятников истории и культуры Акмолинской области. Выпуск 1. Ерейментауский район. – Астана: ҚР Ұлттық музейі, 2018. – 256 б.
20. Қазақ даласы әміршілерінің алтыны. Корея мен Қазақстан бірлескен каталог. = Золото властелинов Казахских степей. Совместный каталог Республики Корея и Республики Казахстан. – Тэджон, 2018. – 631 б. – қазақша, орысша
21. 카자흐스탄 초원의 황금문화. Gold of the elite of Kazakh steppes. – Daejeon: National Research Institute of Cultural Heritage, National Museum of the Republic of Kazakhstan, 2018. – p. 443. – korean
22. Әулие атаның қасиетті жерлері. – Астана, 2018. – 216 б.
23. Альбом историко-культурных объектов и мест всеобщего паломничества Казахстана. – Астана: КазНИИК, 2018. – 496 б.
24. Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары. I-том. Ғасырлар қойнауынан. Көрме каталогы. – Наследие Великой степи: шедевры ювелирного искусства. Том I. Из глубин веков. Каталог выставки. – Астана: Национальный музей Республики Казахстан, 2018. – 252 б. – қазақша, орысша.
25. Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары. II-том. Дәстүрлер мен инновациялар. Көрме каталогы. – Heritage of the Great Steppe: masterpieces of jewelry art. Volume II. Tradition and innovation. The exhibition catalogue. – Наследие Великой степи: шедевры ювелирного искусства. Каталог выставки. Том II. Традиции и инновации. – Астана, 2018, – 352 с.
26. Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары. III-том. Ұлы Дала әміршілерінің жауһарлары. Көрме каталогы. – 大草原的遗产:珠宝艺术杰作。第三卷。伟大的草原领主们的艺术杰作。展览目录。– Heritage of the Great Steppe: masterpieces of jewelry art. Volume III. Masterpieces of the lords of the Great Steppe. The exhibition catalogue. – Наследие Великой степи: шедевры ювелирного искусства. Том III. Шедевры Властителей Великой степи. Каталог выставки. – Астана, 2018, – 370 с. – Қазақша, қытайша, ағылшынша, орысша.
27. Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары. IV-том. Көшпелілер өнерінің бейнелер әлемі. Көрме каталогы. – Dziedzictwo wielkiego stepu: arcydzieła sztuki jubilerskiej. Tom IV. Świat sztuki nomadów. Katalog wystawy. – Heritage of the Great Steppe: masterpieces of jewelry art. Volume IV. The world of art images of nomads. The exhibition catalogue. – Наследие Великой степи: шедевры ювелирного искусства. Том IV. Мир образов искусства номадов. Каталог выставки. – Астана, 2018, – 364 б. – Қазақша, полякша, ағылшынша, орысша.
28. Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары. V-том. Өнер тілі. Көрме каталогы. – 대초원의 유산: 금은세공술의 대작. Tom V. 예술의 언어. 안내 책자. – Heritage of the Great Steppe: masterpieces of jewelry art. Volume V. Art language. The exhibition catalogue. – Наследие Великой степи: шедевры ювелирного искусства. Том V. Язык искусства. Каталог выставки. – Астана, 2018. – 476 с. – Қазақша, корейше, ағылшынша, орысша.

2019
29. Болат Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары. «Қазына». 5-шығарылым. – Болат Сарыбаев. Казахские музыкальные инструменты. «Казына». Выпуск 5. Под ред. А. Онгарулы. – Нұр-Сұлтан: ҚР Ұлттық музейі, 2019. – 352 б.
30. Мусагажинова А., Хатран Д., Синявский Ю.А. Қазақы ас: дәстүр мен дәм. Казахская кухня: вкус и традиции. Kazakh kitchen: taste and traditions. – Нур-Султан: РОО "Qazaqgeography", 2019. – 285 б.
31. 카자흐스탄 제티수지역의 고분문화 (Ancient tombs in Zhetisu Kazakhstan). – Daejeon: National Research Institute of Cultural Heritage, National Museum of the Republic of Kazakhstan, 2019. – p. 400. – korean
32. Ұлы Дала мұралары. 2-шығарылым. Жылдық ғылыми басылым. – Наследие Великой степи. Выпуск 2. Научный ежегодник. – Нұр-Сұлтан, 2019. – 256 б.
33. Қазақстан Республикасының Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Ақмола облысы. 2-шығарылым. Целиноград ауданы. – Свод памятников истории и культуры Акмолинской области. Выпуск 1. Ерейментауский район. – Нұр-Сұлтан, 2019. – 160 б.
34. Сарыарқа және Алтын орда: уақыт пен кеңістік. – Нұр-сұлтан, 2019. – 100 б.
35. Ұлы Дала: тарих пен мәдениет. I-том. Мәдени шығу тек пен сабақтастық. Көрме каталогы. – Великая степь: история и культура. Том I. Истоки и преемственность культур. Каталог выставки. – The Great Steppe: history and culture. Volume I. The origins and continuity of culture. The exhibition catalogue. – Астана, 2019. – 320 б.
36. Ұлы Дала: тарих пен мәдениет. II-том. Жылқы және салт атты. Көрме каталогы. – Великая степь: история и культура. Том II. Конь и всадник. Каталог выставки. – The Great Steppe: history and culture. Volume II. Horse and rider. The exhibition catalogue. Под ред. А. Онгарулы. – Нур-Султан, 2019. – 300 б.
37. Ұлы Дала: тарих пен мәдениет. III-том. Көне түркілер әлемі. Көрме каталогы. – Великая степь: история и культура. Том III. Мир древних тюрков. Каталог выставки. – The Great Steppe: history and culture. Volume III. The world of the ancient turks. The exhibition catalogue. Под ред. А. Онгарулы. – Нур-Султан, 2019. – 454 с.
38. Ұлы Дала: тарих пен мәдениет. IV-том. Ұлы көш: бұйымдар мен идеялардағы ғұндар мен сарматтардың мұралары. Көрме каталогы. – Büyük Bozkır: Tarih ve Kültür. Cilt IV. Büyük göç: ürün ve fıkirlerdeki Hunlar ve Sarmatların mirası. Sergi kataloğu. – The Great Steppe: history and culture. Volume IV. The Great Navigation: heritage of the hunes and sarmates in things and ideas. The exhibition catalogue. – Великая степь: история и культура. Том IV. Великое кочевание: наследие гуннов и сарматов в вещах и идеях. Каталог выставки. Под ред. А. Онгарулы. – Нур-Султан, 2019. – 308 б.
39. Ұлы Дала: тарих пен мәдениет. V-том. Дала сәні: костюм мен тоқыма. Көрме каталогы. – The Great Steppe: history and culture. Volume V. Steppe fashion: suit and textile. The exhibition catalogue. – Великая степь: история и культура. Том V. Степная мода: костюм и текстиль. Каталог выставки. Под ред. А. Онгарулы. – Нур-Султан, 2019. – 360 б.
40. Ұлы Дала: тарих пен мәдениет. VI-том. Ежелгі технологиялар. Көрме каталогы. – The Great Steppe: history and culture. Volume VI. Ancient technologies. The exhibition catalogue. – Великая степь: история и культура. Том VI. Древние технологии. Каталог выставки. Под ред. А. Онгарулы. – Нур-Султан, 2019. – 360 б.