Logo

Ticketon

Search icon 1 YouTube 1 FB Icon Insta Icon

1

2020 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырып отырған алдағы іс-шаралардың қажеттілігін белгілеп берген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – келер ұрпаққа және қонақтарға қазақ халқының көрнекті перзенті, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен әлем аренасына насихатталу жолдарын талқылау.

Толығырақ...

Zoloto ch 19

2019 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» музей жобасының 2019 жылғы қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Сондай-ақ шара барысында шетелдік әріптестермен музей қызметі саласында тәжірбие алмасуға арналған кездесу болды.

Толығырақ...