Logo

Ticketon

Search icon 1 YouTube 1 FB Icon Insta Icon

Халықаралық байланыстар бөлімінің басты мақсаты – қазақстандық заманауи көркемөнер саласындағы халықаралық байланысты нығайту және оған қолдау көрсету.
Халықаралық байланыстар бөлімі Қазақстан суретшілері мен халықаралық суретшілер қауымдастығы арасындағы кәсіби алмасу және тұрақты серіктестікке бастамашы болып, қолдау көрсетеді. Халықаралық байланыстар бөлімі қызметінің басты бағыттары:
* келушілер үшін кураторлық бағдарламалар;
* Ұлттық музейде суретшілер үшін халықаралық көрмелер ұйымдастыру;
* шетелдік музейлермен және заманауи өнер институттарымен бірлесіп конференциялар, лекциялар және жобалар өткізу;
* жобаларды кәсіби тұрғыдан алып жүру;
* виза және тіркеуге қолдау көрсету.

БАҒДАРЛАМАЛАР

Музейдегі суретшілерге арналған бағдарламалар:
Біз әртүрлі байқаулар қаржыландыратын халықаралық «суретші музейде» бағдарламасына қазақстандық суретшілердің қатысуына бастамашылық жасап, ұйымдастырып жүзеге асырамыз. Сонымен қатар мәселен, семинарлар ұйымдастыру арқылы тиісті жұмыс жағдайы мен таныстырылым мүмкіндігін ұсына отырып, шетелдік суретшілерді қабылдаймыз.
Келушілерге арналған бағдарламалар:
Біз танымал мамандарды Музейде өтіп жатқан көрмеге байланысты, немесе еркін тақырыпқа лекция оқуға шақырамыз. Қонақтарымыз келген кезде кездесу ұйымдастыру арқылы олардың ең танымал көркемөнер мекемелеріне барып қазақстандық көркемөнер саласымен танысуына мүмкіндік береміз.

ЖОБАЛАР

Біз шетелдік музейлермен ынтымақтастық жасай отырып, көрмелер, лекциялар, конференциялар мен жұртшылыққа арналған көптеген шаралар мен жобаларды ұйымдастыруға қатысамыз. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қызметкерлері елдің ғылыми бейнесін қалыптастыратын халықаралық ғылыми конференцияларға, таныстырылымдарға қатысады. Халықаралық шараларға ҚР ҰМ қорларының экспонаттарымен қатысуы еліміз туралы шетелдіктердің танымын кеңейте түседі.
ҚР ҰМ халықаралық ынтымақтастығының шеңбері жыл сайын кеңейіп келеді. Музей алыс-жақын шетелдік музейлермен, мұрағаттармен, кітапханалармен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен ғылыми ынтымақтастықты дамытып отыр.
Бүгінгі таңда ҚР ҰМ мәдени-ағартушылық қызмет аясында Грекия, Корея, Венгрия, Қытай, Иран, Мысыр, Үндістан, Солтүстік Македония, Франция, Италия, Америка және Ресей сынды шетелдердің елшіліктері мен консульдықтарымен мәдени серіктестікті сақтай отырып нығайтып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі басқа елдердің өзі тектес мемемелерімен ғылыми зерттеулер мен мәдени мұраны көпшілікке тарату саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту бағытында төмендегідей келісімдер жасалды:
1. Корея Республикасы Мәдени мұраларды зерттеу ұлттық институты
2. Макс планк химия институты (Германия)
3. Вьетнам тарихы Ұлттық музейі
4. Корея Республикасының мәдени мұраларды ұлттық зерттеу институты
5. Корея Республикасының Азия мәдениет орталығы
6. «Мондо Мостре» ЖШҚ
7. Ломоносов ат. ММУ Ресей.
8. Виртуальная коллекция Азиатских шедевров
9. БР Төтенше және Өкілетті Елшісі А.И.Ничкасов
10. «БР Ұлттық тарихи музейі» ГУ
11. Корея Мәдениет орталығы
12. ҚР Италия Елшілігі
13. ҚР Мексика Елшілігі
14. Габор Ковач қоры. Венгрия
15. Азия-Тынық мұхит кескіндеме тушь ассоциациясы. Жапония.
16. ҚР Израиль Елшілігі
17. Шанхай музейі. Қытай
18. ЗАО «ЛАНИТ». Ресей
19. Мемлекеттік Эрмитаж. Ресей
20. БР Ұлттық көркем өнер музейі
21. Гонг Конг тарих музейі
22. Л.М.Стерликова. Әлемнің генетикалық коды. АҚШ
23. Курган облыстық көркемөнер музейі. Ресей
24. Мысыр Араб Республикасы Көне ескерткіштер министрлігі.
25. Шэньси провинциясы мәдени жәдігерлермен алмасу орталығы.
26. ҚР БР Елшісі. Лиссабоннан Минск, Мәскеу, Астана арқылы Владивостокқа дейін» көрмесі
27. Король Фейсал ат. исламды зерттеу орталығы. Саудия.
28. Ұлыбритания Елшілігі жанындағы Британ кеңесі
29. Өзбекстан көркемөнер академиясы
30. Император Цинь Шихуанди музейі, Шэньси провинциясы мәдени жәдігерлермен алмасу орталығы
31. Мысыр Араб Республикасы Көне ескерткіштер министрлігі.
32. ҚР Мексика Елшілігі
33. Литва Елшілігі. Тылсым әлем көрмесі
34. Жапония Елшілігі. Жапонияның 100 заманауи дизайны
35. РҒАСБ Археология және этнография институты
36. Нара ұлттық зерттеу институты. Жапония
37. Эрарта заманауи өнер музейі. Ресей
38. Шығыс миниатюра өнері музейі. Өзбекстан
39. Мем.Третьяков галереясы. Ресей
40. Солтүстік-батыс политехникалық университет. Қытай
41. Сувон-Ипарк өнер музейі. Корея.
42. Сәндік қолданбалы халықтық өнердің бүкілресейлік музейі.
43. Шэньси провинциясы Тарих музейі
44. Николай Рерих музейі. АҚШ
45. Гданск тарих музейі. Польша.
46. Әзербайжан тарих музейі
47. Корея тарих музейі
48. Испания. Пабло Пикассо.
49. Франция. Поль Серюзье және Бретань
50. АҚШ Елшілігі. АҚШ жеке коллекцияларындағы ХІХ-ХХ ғғ. суретшілері.
51. Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейі
52. «Қазан Кремлі» Мемлекеттік тарихи-сәулеттік және көркем өнер қорық-музейі
53. Будапешт этнографиялық музейі
54. Оман Сұлтанатының Ұлттық музейі
55. Солтүстік Македония Республикасының Археологиялық музейі
56. Анадолы өркениеттер музейі, Түркия, Анкара
57. Малайзия Музейлер департаменті, Куала-Лумпур, Малайзия
58. Коммерциялық емес қайырымдылық «Крафт-Павлов» заманауи өнерді, балалықты және отбасын қолдау және дамыту қоры
59. Чех Республикасының Елшілігі
60. Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі
61. Италия Заманауи өнер музейі
62. Мысыр Араб Республикасы Елшілігі

ҚР ҰМ халықаралық көрмелер, бірлескен ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық жобаларды ұйымдастыру және өткізу сынды музей қызметі саласындағы алдын жасалған халықаралық байланыстарды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды тұрақты жалғастырып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұлттық мәдениетті тарату, сақтау және дамыту саласындағы мәдени саясатты қалыптастыруға негіз болатын қағидаттар, идеялар мен амалдарды белгілеуге бағытталған бірегей «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасын жасады.
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сәйкес жасалды. Еуразия кеңістігіндегі ежелгі, ортағасырлық және бүгінгі экономикалық және мәдени байланыстар көрсетілген имидждік «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы алыс-жақын он екі елдің музейлерінде жүзеге асырылды, 2018 жылы:
Минск. Белорусь. 
Баку. Әзербайжан.
Сиянь.Қытай. 
Мәскеу. Ресей. 
Гданьск. Польша. 
Сеул. Корея. 

2019 жыл ішінде:
Қазан. Ресей. 
Ташкент. Өзбекстан.
Скопье. Солтүстік Македония
Анкара. Түркия.
Куала-Лумпур. Малайзия. 
Афины. Грекия. 

Шеру осы 2020 жылы да өз сапарын жалғастырады. Көрмеде кез-келген дәуірді сезіндіре, ахуалын жеткізе алатын заманауи жетістіктер пайдаланыла отырып көшпенділердің мәдениеті мен тұрмысын сипаттайтын жәдігерлер ұсынылып отыр. Ұлттық мұраларды экспозициялау әлемдік ортақ мәдениетпен байланысты адамзат өркениетінің дамуындағы сақ, ғұн дәуірлерінен бастап бүгінгі күнге дейінгі көшпенді қазақтардың үлесін айқын көрсетеді. Көрменің атауы: «Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет».
«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясындағы көрме экспозициясын Үндістан, Индонезия, Литва, Америка және Германияның мемлекеттік және ұлттық музейлерінің ғимараттарына жаю жоспарлануда.
Белгілі бір себептерге қарай бүгінгі әлем интеграцияланып келеді.
Енді әлем – бір тұтас әлем, бұл халықаралық қатынастардың шеңберін кеңейтуде.